Қазақстан теннис федерациясы кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) жаңартылған рейтингті жариялағанын хабарлады.
Аталған федерация мәлімдегендей, отандық теннисшілер әлемдік рейтингте жоғарылады. Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик 39-дан 38-ге, Михаил Кукушкин 131-ден 129-орынға жылжыса, Дмитрий Попко 181-ден 176-ға көтерілді. Ал жұптық сында теннисшілер өз орындарын сақтап қалды. Қазір Андрей Голубев 36-сатыда, А.Бублик 49-сатыда, Александр Недовесов 84-сатыда тұр.А.ЖОЛДАС