Білім ордалары бақылауда
Білім ордалары бақылауда
371
оқылды

«Nur Otan» партиясы Арқалық қалалық филиалының төрағасы Әмірхан Асанов партиялық бақылау комиссиясының мүшелерімен бірге қаладағы Родина орта мектебінде жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарының қалай іске асып жатқанын тексерді.

Бұл білім нысаны «Nur Otan» партиясы Арқалық қалалық фи­лиа­лының 2025 жылға дейінгі «Өз­герістер жолы: әр азаматқа ла­йық­ты өмір!» атты сайлауалды бағ­дарламасына енген. Осыған бай­ланысты облыстық бюджеттен 453 миллион теңге қарастырылған. Қазір күрделі жөндеу жұмыстарын «Стройиндустрия» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі атқарып жатыр. Құрылыс барысын түгел тек­серіп шыққан Әмірхан Біркенұлы мен партиялық бақылау комис­сия­сының мүшелері мердігер ком­­панияның басшыларына бір­қатар кемшілікті атап көрсетіп, ескерту жасады. Сонымен қатар ке­зекті оқу жылының жақындауы­на байланысты барлық жұмыс­тар­ды сапалы істей отырып, жедел­детуді тапсырды.

М.ЖАЛҒАСҰЛЫ