Алматы – ТМД-дағы екінші «ақылды қала»
Алматы – ТМД-дағы екінші «ақылды қала»
269
оқылды

Алматы ТМД-ның «ақылды қалалар» рейтингісінде екінші орын алды. Бұл туралы шаһардың Цифрландыру басқармасының басшысы онлайн брифинг барысында айтты.

Баян Қоңырбаевтың айтуынша, Алматы ТМД мен Шығыс Еуропа аумағындағы қалалардың көшбасшы тобына кіреді. «Алматы–2050» бағдарламасы мен «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы басқарудың стратегиялық мақсатына сәйкес болуы тиіс. «2021 жылдың қорытындысы бойынша біз 2017 жылдан бастап халықаралық деректер корпорациясының цифрлық жетілу рейтингісінде Алматы қаласының 2,7 балл позициясын алғанын көреміз. Бұл біз соңғы екі жылда қол жеткізген өте үлкен көрсеткіш. Бұл – маңызды оқиға. Түсінікті болу үшін, 2019 жылы біз 10-орынды иелендік, ал ТМД-ның ақылды қалалары арасындағы соңғы нәтижелер бойынша біз 2-орында тұрмыз. Яғни, біз Киевтен озып, Мәскеуден кейінгі орындамыз», – деді Баян Қоңырбаев.

Айбике ЖАНАСЫЛ