Жамбыл облысында жантүршігерлік апат болды
Жамбыл облысында жантүршігерлік апат болды
©azattyq-ruhy.kz
224
оқылды

Жамбыл облысында болған жол апаты салдарынан жасөспірім көз жұмды.

Қайғылы оқиға орнында түсірілген кадрлар әлеуметтік желіде пайда болды. Куәгерлер жол шетінен марқұмның денесін тапты. Одан жүз метр жерде басы жатқан.

27 жастағы ер адам 12-13 жастағы жеткіншектерді көлікпен ауыл маңын аралатпақ болған. Ол рөлге ие бола алмай бетон бағанаға соғылды.

Бір жолаушы оқиға орнында жан тапсырды, екінші жеткіншек ауруханада жатыр.
"Апаттан соң жүргізуші қашып кеткен. Бұл фактіге қатысты екі бап бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тиісті сараптама тағайындалды", - деді облыстық Полиция департаменті баспасөз хатшысының міндетін атқарушы Бегман Құтмырзаев.
Қазір бұлтарпау шарасын таңдауға қатысты мәселе қарастырылып жатыр.