Алматыда коронавирустан бір айлық нәресте көз жұмды
Алматыда коронавирустан бір айлық нәресте көз жұмды
243
оқылды

 Бұл туралы онлайн брифинг барысында қалалық қоғамдық Денсаулық сақтау басқармасының бастығы Нариман Табынбаев айтты.

«Осыдан бір ай бұрын Алматыда бір айлық бала коронавирустан қайтыс болды. Өкінішке қарай, оның өмірін сақтап қала алмадық», - дейді басқарма басшысы.

Оның айтуынша, қазір коронавирус жұқтырған 195 бала ауруханада ем қабылдап жатыр.

«Қазақстанда, әсіресе, Алматыда коронавирус жұқтырған балалардың саны артып келеді. Бүгінде 195 науқас бала ауруханада жатыр. 2540 бала үйден ем алуда. Екі бала жансақтау бөлімінде жатыр», - деп түсіндірді Нариман Табынбаев.