Ақтөбеде екі қызметкер жарылыс толқынының астында қалған. Маркшейдерлік жұмыстар кезінде тау-кен жұмысшысы қаза тауып, екінші учаскелік маркшейдер жараланды. Оған алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, Хромтау қаласының аудандық ауруханасына жеткізілді.
«Оқиға туралы мемлекеттік органдарға хабарланды. Тергеу амалдары жүргізілуде. Апаттың мән-жайы мен себептері анықталуда», - делінген хабарламада.
«Қазхром» ТҰК» АҚ басшылығы марқұмның туыстарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады. Қаза тапқан және зардап шеккен қызметкерлердің отбасыларына қажетті көмек көрсетіледі.
Дөң кен-байыту комбинаты – хром кентастарын өндірумен және оны байытумен айналысатын кәсіпорын. Ақтөбе облысының Хромтау ауданындағы Хромтау қаласында орналасқан.