Шри Ланкада коронавирусты жұқтырған науқастардың күрт көбеюіне байланысты денсаулық сақтау министрі қызметінен босатылды. Бұл жайында News18 сайты жариялады.
Бұған дейін денсаулық сақтау экс-министрі Павитра Ванняраччи коронавирусқа қарсы дуаға сенетіні үшін талай рет сынға ұшыраған. Тіпті, дуагерден коронавирусты жұқтырудан қорғайтын сиқырлы ішімдік алған.
Алайда артынан COVID-19 жұқтырып, жансақтау бөлімінен бір-ақ шықты. Бұдан бөлек, Ванняраччи Шри-Ланкада коронавирус эпидемиясын тоқтатамын деп қасиетті суды өзенге төккен. Бірақ елде коронавирус жұқтырған науқастар одан азайған жоқ.
Шри-Ланка президенті Готабая Раджапакс үкіметтің құрамын ауыстыруға шешім қабылдады. Денсаулық сақтау экс-министрі Павитра Ванняраччи көлік министрі қызметіне ауыстырылды. Ал оның орнына бұқаралық ақпарат құралдары саласын басқарған Кехелия Рамбуквеллеге келді.