Жамбылда Volkswagen көлігі бетон бағанаға соқтығысып, 12 жасар бала қаза тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылдың 14 тамызында сағат 16.00-де Жамбыл облысының Байзақ ауданы аумағындағы жергілікті маңызы бар “Сарыкемер-Үшбұлақ” көлік жолында жол-көлік оқиғасы орын алды.
Volkswagen Passat маркалы автокөлігінің 27 жастағы жүргізушісі рөлді басқара алмай, бетон бағанаға соқтығысқан.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі жолаушы жасөспірім зардап шекті: оқиға орнында 12 жасар бала қаза тапты, ал 11 жастағы бала түрлі дене жарақаттарымен Байзақ ауданының орталық ауруханасына жүгініп, ауруханаға жатқызылды.
https://www.youtube.com/watch?v=QnghsQCc1FA