Америкалық отбасы асырап алған қыз Қазақстандағы ата-анасын іздеп жатыр
Америкалық отбасы асырап алған қыз Қазақстандағы ата-анасын іздеп жатыр
341
оқылды
23 жастағы Рози Дэвидсон өзінің биологиялық ата-анасын Қазақстанда іздеуде. Оны америкалық отбасы бес жасында асырап алған. Ол содан бері АҚШ-тың Индиана штатында тұрады. Екі жыл бұрын Рози туыстарын табуға тырысқан. Ол әлеуметтік желілерде бірнеше жазбалар жариялаған, бірақ сәтсіз.
«Менде тіпті қазақстандық құжат бар. Мен өз отбасым туралы кез келген ақпаратты табуға тырысамын», – деді Рози.
  [caption id="attachment_156617" align="alignnone" width="675"] width= Фото :tengrinews.kz[/caption] Туған кезде қыздың аты Роза Гусейнова болған. Ол Алматыда дүниеге келген және төрт жасынан бастап №1 балалар үйінде тұрған екен.