Ақтөбеде 5, 6 және 7 жастағы үш көрші бала ГАЗельге от қойған. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.
Оқиға 14 тамызда сағат 14.00-де Ақтөбе қаласының «Спецавтобаза-2» бау-бақша ұжымында болған. Балалар автокөлік бортында ойнап, орындықтағы губканы өртеп жіберген. Машина толық жанып кетті. «Оқиға орнына полиция қызметкерлері мен өрт сөндіру қызметі жіберілді. Балалардың бұзақылығы үшін ата-аналары жауапқа тартылады» делінген ресми хабарламада.Мейірім БАҚЫТЖАН