Елорда тұрғыны үйде жанжал шығарған мас ағасына шағымданды
Елорда тұрғыны үйде жанжал шығарған мас ағасына шағымданды
©inform.kz
197
оқылды

Полиция Департаментінің баспасөз қызметі мәліметі бойынша, "102 арнасына" елорда тұрғынынан ағасының үйге мас күйде келіп, балағат сөздер айтып, жанжал шығарғаны туралы хабарлама келіп түскен.

44 жастағы ер адамның мұндай жанжал шығаруы бірінші жағдай рет емес. Ол әр жолы бұл екінші рет қайталанбайды деп  ант берген. Алайда ол түзету жолына түспеген.
"Алматы" ауданы Полиция басқармасының учаскелік инспекторы полиция аға лейтенанты Асхат Исин маскүнем жанжалшыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырып, іс құжаттарын  Нұр-Сұлтан қаласының Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына қарау және шешім қабылдау үшін жіберді.
Жәбірленушінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ер адамға қатысты қорғау нұсқамасы шығарылды, яғни оның еркінен тыс оны қудалауға және онымен байланысуға құқығы жоқ.  Судьяның қаулысымен ер адам үш тәулікке әкімшілік қамауға алынды.