Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой карантинге қатысты ұсыныс жасады
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой карантинге қатысты ұсыныс жасады
©tengrinews.kz
277
оқылды

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой үкіметтің қарауына карантинге қатысты бірнеше ұсыныс енгізді.

"Ashyq жүйесін енгізгелі "қызыл" және "сары" мәртебесі бар 46 067 адам анықталды. Олардың ішінде 29 930-дың ПТР-тесті оң нәтиже көрсеткен екен. Қалғаны - науқастармен байланыста болғандар. Бұл статистика кейбір адамдардың үйде оқшаулану режимін сақтамай, халық көп жиналатын жерге барып жүргенін көрсетіп отыр. Осылайша, айналадағы адамдарға қауіп төндіреді", – деді Цой үкіметтің бүгінгі отырысында.
Оған қоса, шектеу шараларына қарамастан, той-томалақ тыйылмай тұр. Ондай жиындарға адам көп жиналады. Ал санитарлық ережелер сақталмайды.

"Осыған байланысты мониторингтік топтардың жұмысын күшейтуді сұраймын", - деп атап көрсетті Цой.

Сондай-ақ министр эпидемиологиялық жағдайды одан ары тұрақтандыру үшін бірнеше ұсыныс жасады. Олар:
• "қою қызыл" және "қызыл" аймақтарда демалыс күнгі локдаунды жалғастыру;
• мониторингтік топтар жұмысын күшейту;
• халықты вакциналауды көптеп өткізу;
• халық арасында түсіндіру жұмысын күшейту;
• кәсіпкерлер ұсынысы негізінде Ashyq көшбасшылары үшін тиісті талаптарды жетілдіру.