Қыркүйекте электр энергиясы қаншаға қымбаттайды?
Қыркүйекте электр энергиясы қаншаға қымбаттайды?
Фото: Syr-media.kz
527
оқылды

Қыркүйекте Қазақстанда электр энергиясының тарифі өседі. Бұл туралы Табиғи монополияларды реттеу комитеті төрағасының міндетін атқарушы Асхат Жапсарбай мәлімдеді, — деп хабарлады LS.

Асхат Жапсарбайдың айтуынша, елде электр энергиясының қымбаттауына Энергетика министрлігінің энергия өндіруші ұйымдар үшін шекті тарифті 15%-ға көтеруі себеп болды. "Бұл өсім қазақстандықтарға ауыр тимеу үшін жұмыс істеп жатырмыз. Шамамен қыркүйектен бастап өсім болады. Кей өңірлерде электр энергиясының құны маусымда қымбаттады, кей жерде күзде өседі деп күтілуде", – деді Асхат Жапсарбай. Ол биыл электр жабдықтау бағасы орта есеппен 10%-ға өскенін айтты. Себебі шілдеде Энергетика министрлігі ЖЭК пайдалануды қолдауға үстеме енгізген. Салдарынан ЭӨҰ тарифтері орташа есеппен 7,2%-ға өсті. Сондықтан 2021 жылы баға 3,5%-ға артуы мүмкін. Бұдан басқа, 2021 жылғы 1 шілдеден бастап газдың көтерме бағасы ел бойынша орта есеппен 10%-ға өскен.