8 тамыз күні сағат 02:00 шамасында Розовка ауылындағы ерлі-зайыптылар арасында жанжал болған. Кейін әйелі мас күйінде көлік жүргізбек болған күйеуіне рұқсат бермеген. Ол тоңазытқышта тұрған спиртті әйеліне шашып, оны өртеген, — деп жазады Pavlodarnews.kz.
Жәбірленгеніне қарамастан, әйел күйеуінің үстінен арыз жазудан бас тартқан. Алайда құқық қорғау органдары арнайы бап бойынша (Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіргені үшін) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
17 тамызда денесінің басым бөлігі күйген әйел ауруханада көз жұмды. Олардың ортақ үш баласы бар. Қазір олар атасы мен әжесінің қолында.
Бұл жағдайға қатысты сотқа дейінгі тергеу ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы 3-бөлігіне сәйкес қайта сараланып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.