Президент Ауғанстандағы қазақтарды тарихи отанына қайтаруға көмек көрсетуді тапсырды - СІМ
Президент Ауғанстандағы қазақтарды тарихи отанына қайтаруға көмек көрсетуді тапсырды - СІМ
Фото ©REUTERS
199
оқылды
Ауғанстан аумағында қазіргі уақытта қанша этникалық қазақ тұрып жатыр. Бұл сұраққа Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров жауап берді, — деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Ауғанстандағы этникалық қазақтардың өтінішіне байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сыртқы істер министрлігіне олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етумен, қажет болған жағдайда тарихи отанына қайтару мәселесі бойынша барынша көмек көрсетуді тапсырды», — деді Айбек Смадияров тілшілерге берген сұхбатында.
Оның айтуынша, этникалық қазақтар мәселесі Қазақстанның Ауғанстандағы елшілігінің ерекше бақылауында.
«Бізде бар мәліметтерге сәйкес, Ауғанстан аумағында 15-ке жуық этникалық қазақ отбасы тұрады. Нақтырақ, 200-ге жуық этникалық қазақ. Кейбір БАҚ Ауғанстанда бірнеше мың этникалық қазақтардың тұратыны туралы тексерілмеген ақпарат таратты. Бұл шындыққа сәйкес келмейді. Осыған байланысты ақпаратты мұқият қайта тексеруді және қажетсіз дүрліктірмеуді сұраймыз. Біз тиісті жұмыс жүргізіп жатырмыз және Ауғанстандағы қазақтармен тұрақты байланыстамыз», — дейді ол.