Аймағамбетов мектеп директорларының жалақысы өсетінін айтты
Аймағамбетов мектеп директорларының жалақысы өсетінін айтты
фото: Stan.kz
325
оқылды
Мектеп директорларына жалақы төлеу жүйесіне өзгеріс енгізіледі. Бұл туралы «Білім және ғылым – елдің тұрақты дамуының кепілі» тақырыбындағы педагогтердің Республикалық тамыз конференциясының пленарлық сессиясында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазіргі кезде мектеп басшылығының жалақы мәселесі өзекті болып тұр. Жалақының қазіргі деңгейіне қарап, бәсекеге қабілетті менеджерлер басшылық қызметке баруға қызықпайды. Жалпы, үздік педагогтар мектеп директоры немесе оқу ісінің меңгерушісі лауазымына бармай жатады», - деді Асхат Аймағамбетов.
Осы орайда, министр бұл бағытта тиісті өзгерістер керек екенін атап өтті.
«Мектеп директорларының жалақысы ұстаздың еңбекақысынан төмен болатын жағдайлар жиі кездеседі. Бұл тұрғыда тәуекелдер деңгейі әртүрлі екені белгілі. Білім министрлігі мектеп директорларына жалақы төлеу жүйесіне өзгеріс енгізуді жоспарлап отыр», - деді ол.