Түркістандықтар той-жиынды жаппай үйде өткізуде
Түркістандықтар той-жиынды жаппай үйде өткізуде
©inform.kz
180
оқылды

Түркістан облысында тойханалар жабылып жатқан соң, тұрғындар отбасылық шараларды үйлерінде жасауға көшкен. Мақтаарал ауданында полицейлер үйінде той жасаған екі тұрғынды анықтады.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Мақтаарал ауданына қарасты Гүлістан ауылындағы тұрғын үйлердің бірінде той өтіп жатқаны белгілі болған. Карантин талаптарын өрескел бұзған тұрғын 50-ге жуық адамға "Қыз ұзату" тойын жасап, қонақтар жинап алған.
Сонымен қатар полиция қызметкерлері келесі бір үйде 50 адам жиналып, "Беташар" тойын өткізіп жатқанын анықтаған.
Учаскелік полиция инспекторлары екі тойды да тарқатып, жиналған қауымға түсіндіру жұмыстарын жүргізген. Карантин талабын сақтамай, адамдардың көптеп жиналуына жол берген той иелеріне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы "Халықтың санитариялық эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигеналық нормативтерді бұзу" бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылған. Барлық құжат Мақтаарал аудандық Санитарлық эпидемиологиялық бақылау басқармасына жолданған.