Саяжай күзетшісі ер адамды өртеп жіберген
Саяжай күзетшісі ер адамды өртеп жіберген
©https://ult.kz
228
оқылды

Оралда саяжайда күзетші ер адамды өртеп жіберген. Бұл жайында БҚО Полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібеков хабарлады.

Оқиға «Микробиолог» саяжай қоғамында 16 тамыз күні болған. 63 жастағы Б. деген тұрғын өзінің ескі саяжай үйін бұзып алуға келген. Алайда оған саяжай күзетшісі кедергі келтірген. Оның бұл әрекетіне ашуланған Б. есімді азамат пневматикалық винтовкасын алып шыққан.

 «Сол кезде күзетші, бірінші топтағы мүгедек З. тез жанатын сұйықтықты шашып жіберген. Қорқып кетіп, сөндірмек болғанымен, үй иесі өртке оранды.  Денесінің 90 пайыздан астамын күйік шалып үлгерген. Алған жарақаттары салдарынан ер адам ауруханада көз жұмды», - деді Б.Болатбеков.

Қазіргі кезде күдікті ұсталып, ҚР ҚК 106-бабы 3-бөлігіне (жәбірленушінің өліміне әкеп соққан қасақана ауыр дене жарақатын келтіру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.