«Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігі мен Заң консультанттарының республикалық алқасы арасында әріптестік туралы меморандумға қол қойылды. Осының шеңберінде тегін заңгерлік көмек қосымшасы іске қосылады.
Меморандум мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығы деңгейі мен құқықтық көмекпен қамту деңгейін көтеру. Қазіргі кезде алқаға 3000-ға жуық заң консультанты кірді. Мұндай қосымшаның іске қосылуы, әсіресе әлеуметтік осал топтар мен ауыл тұрғындары үшін өте маңызды. Қосымша арқылы үйден шықпай-ақ тегін кешенді заңгерлік көмекті алуға болады.
– Бізді басты мақсатымыз – халықтың әлеуметтік осал топтары, басқа да азаматтарға құқықтық көмек көрсету. Әсіресе, мұқтаж топтар арасында құқықтық ағарту құқықтық мемлекетті нығайтуға оң септігін тигізеді деп сенеміз, – деді Заң консультанттарының республикалық алқасы төрағасы Серік Ақылбай.
«Әділдік жолы» РҚБ төрағасы Дидар Смағұловтың айтуынша, халықтың құқықтық сауаттылығы деңгейін арттыру - сыбайлас жемқорлықпен күрестің ең бір тиімді құралы.
«LawCenter» қосымшасы құқықтық көмекті одан әрі ауқымды түрде ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Қосымшаны жүктеп алған әрбір қазақстандық өз сұрағын заң консультанттарына қоя алады», - деді ол.
Сондықтан «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігі парақорлықтан таза мәдениет қалыптастыру үшін бірқатар жобаларды жүзеге асырмақ.