Грек-рим күресінен 77 келі салмақта белдесіп, Қырғызстан командасына күміс медаль сыйлаған Ақжол Махмудовтың әкесі Мұхамед Sputnik Қырғызстан сайтына сұхбат берген. Сол кезде ол ұлына үлкен ақша ұсынып, Қазақстанның атынан сынға түсуге шақырғанын сөз етті.
- Алматы және Шымкент федерацияларынан Ақжолға ұсыныс түсті. Алматылықтар үш бөлмелі пәтер, 3 мың доллар стипендия беретінін айтты. Маған жақсы жалақысы бар жұмыс, қалған екі ұлыма дайындалатын жақсы мүмкіндік ұсынды.
Түркиядан да ұсыныстар болды. Менің жеке өзіме айтқан жоқ, ортадағы адамдарды жіберді. 2017 жылы 200 мың доллар төлейміз дегендер де болды. Бірақ Ақжолдың отанға, туған жерге деген сүйіспеншілігі жоғары. Ол ақша үшін ешбір елдің намысын қорғамайтынын айтып, өз елінде қалды», - дейді палуанның әкесі.