Үлкен Алматы өзені қызыл түске боялды
Үлкен Алматы өзені қызыл түске боялды
Фото: Видеодан
407
оқылды
Алматы тұрғындары Үлкен Алматы өзенінің қызыл түске боялғанына таңғалды. Видео Instagram-дағы kris.p.almaty.official тобында пайда болды. Бұл видео Сайран көлі маңында түсірілген деген болжам бар және химиялық заттар әсерінен судың түсі өзгеруі мүмкін.
Алматы әкімдігі мәліметінше, Жасыл экономика басқармасы мамандары экологиялық полициямен бірге оқиға орнына барған. Мамандар өзендегі су таза екенін, бірақ сонда да зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатқанын айтты.
Ведомство біреу белгісіз затты өзенге ағызған болуы мүмкін деп болжады. Кінәлілерді экологиялық полиция анықтайды.