Президент Хакаланы қабылдады
Президент Хакаланы қабылдады
358
оқылды

Мемлекет басшысы Еуро­палық одақтың Орталық Азия бойынша арнаулы өкілі Тери Хакаланы қабылдады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Тери Хакаланы Еуропалық одақтың Орталық Азия бойынша арнаулы өкілі лауазымына тағайындалуы­мен құттықтап, қызметіне табыс ті­леді. Тери Хакала Қасым-Жомарт Тоқаевқа Еуропалық кеңестің Президенті Шарль Мишелдің сәлемін жеткізді. Онда кеңес бас­шысының Қазақстан Президентін осы жылдың соңына дейін Брюс­сельге шақыратыны айтылған. Мемлекет басшысы Қазақ­стан­ның Еуропалық одақпен өза­ра стратегиялық іс-қимылына оң баға берді. 2020 жылдың наурыз айында күшіне енген Кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық жөніндегі келісім осы қатынас­тарға тың серпін берді. Халықаралық күн тәртібін тал­қылау барысында Ауғанстандағы жағдайға ерекше мән берілді. Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстанда күрт өзгерген әскери-саяси жағдайға байланысты туын­дап отырған сын-қатерлерге алаң­даушылық білдірді. Президенттің айтуынша, бұл жағдайдың бар ауыртпалығы қақтығыс аймағына жақын орналасқан Орталық Азия мемлекеттеріне сезіліп отыр. Тараптар Ауғанстанның бар­лық аумағында жуық арада жағ­дайдың тұрақталып, қоғамдық тәр­тіптің орнығуына, адам құқық­тары мен еркіндігінің сақталуына және Кабулдың халықаралық әуежайынан адамдарды кедергісіз көшіруге қатысты пікірлерін біл­дірді. Қазақстан Президенті мен анаулы өкіл Орталық Азия елдері мен Еуропалық одақ арасындағы қарым-қатынаста аталған мәсе­ленің маңызын ескере отырып, байланыстарды қолдауға дайын екендерін нақтылады. Тери Хакала Қазақстанның төрағалығымен Женевада өтетін Дүниежүзілік сауда ұйымы ми­нистр­лерінің конференциясын қолдайтынын айтты. Әңгімелесу барысында та­рап­тар Орталық Азия мемлекеттерінің өзара іс-қимылдары мен келешегі, оның ішінде Түрікменстанда өткен Мемлекет басшыларының үшінші консультативтік кез­де­суінің қорытындысы бойынша пікір алмасты.