Екі ел арасындағы әріптестік қатынас нығая бермек
Екі ел арасындағы әріптестік қатынас нығая бермек
308
оқылды

Қазақстан Президенті Ресей Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен кез­десті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабар­лады.

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Ресей үкіметтері басшылары­ның өткізген келіссөздерінің қо­ры­тындысын жоғары бағалады. Қазақстан Президенті бола­шақта экономикалық байланыс­тарды арттырудың әлеуеті зор еке­ніне назар аударды. – Біздің жоспарымыз нақты жобаларды жүзеге асыру арқылы ынтымақтастығымызды нығайта түсу. Қазіргі уақытта екі ел үкімет­тері машина жасау, ауыл шаруа­шылығы және басқа да аса маңыз­ды салаларда ірі жобаларды жүзеге асыруға күш жұмылдыруда. Бұл бағыттағы жұмыстарды жалғас­тыра беруіміз керек. Сіздің осы жұ­мысқа деген құлшынысыңызды құптаймын және табысты бола­тынына сенімдімін, – деді Мем­лекет басшысы. Қазақстан Президенті бола­шақта экономикалық байланыс­тарды арттырудың әлеуеті зор екеніне назар аударды. Ресей Премьер-Министрі Ми­хаил Мишустин Қасым-Жомарт Тоқаевқа қонақжайлығы үшін алғыс білдіріп, Президент Влади­мир Путиннің сәлемін жет­кізді. – Біз бауырлас Қазақстанмен арадағы достық, әріптестік және одақтастық қатынастарымызды жоғары бағалаймыз. Үкіметтеріміз арасындағы байланыстардың мазмұны терең. Бірлесіп жұмыс істеуге зор мүмкіндіктер бар. Сауда-экономикалық ынтыма­қ­тастығымыз жақсы дамып келеді. Осы жылдың бірінші жартыжыл­дығында өзара тауар айналымы үш есеге артты. Жылдың соңына дейін сауда айналымынан өте жо­ғары көрсеткіштер күтеміз және оған барлық мүмкіндіктер бар, – деді Михаил Мишустин. Әңгімелесу барысында Қазақ­стан мен Ресейдің пандемияға қарсы күрес және бірлесіп вакцина шығару сияқты өзара іс-қимыл­дағы басым бағыттар туралы сөз болды. Тараптар аймақтар арасын­дағы байланыстардың оң қарқыны туралы да пікір алмасты. Бұл қа­тынастарға осы күзде Көкшетау қаласында мемлекет басшыла­рының қатысуымен өтетін кезекті Аймақаралық ынтымақтастық форумы тың серпін береді.