Әлеуметтік мәселелер қаралды
Әлеуметтік мәселелер қаралды
179
оқылды

«Nur Otan» партиясының Батыс Қазақстан облыстық фи­лиалы жанындағы жұ­мыс­пен қамтуды ұйымдастыру және ха­лықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау жөнін­дегі қоғам­дық кеңес отырысы өтті. Отырыстың күн тәртібінде партияның «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі мәселелер қаралды.

Өңір бойынша Жол картасы­ның бағыттарына сәйкес, инклю­зивті білім беру, балаларға арнал­ған оңалту орталықтарында 150 орынға дейінгі жағдай жасау жайы сөз болды. Сондай-ақ осыларға қа­тысты 2021 жылы бірыңғай онлайн портал құрып, ерекше қа­жет­тілік­тері бар азаматтарға «Жанұя» орта­лығын ашу секілді проб­лемалар көтерілді. Кеңес кезін­де Батыс Қазақстан облысы­ның Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бас­қармасы бас­шысының орын­ба­сары Ділдаш Ысқақова баян­дама оқыды. «Облыстың Жол картасында көрсетілген 4 тармақтың бүгінде 2 тармағы орындалды десек те болады. Нақтырақ айтатын бол­сақ, ерекше қажеттіліктері бар жан­дарға арналған 150 орындық «Әлеуметтік оңалту орталығын» ашу бойынша Орал қаласының «Ақжайық» шағынауданында 5,8 га жер телімі бөлінген. Қазір Құ­ры­­лыс басқармасы мен «Асем­жо­бақұрылыс» ЖШС арасында келісімшарт жасалып, орталық­тың құрылысына республикалық бюд­жеттен 4,1 миллиард теңге қа­ражат қарастырылды. Орталық­тың аяқ­талуы 2023 жылға жоспар­ланған. Биыл 1 тамыздағы ақпа­ратты назарға алатын болсақ, об­лыс бойынша 1 133 нысан бе­йім­деуге жатқызылады. 82 нысан қимыл-тірек қозғалысы бұзылған жан­дарға, 70 нысан арбаға таңыл­ған жандарға, 105 нысан есту қа­білеті бұзылған жандарға және 20 нысан көру қабілеті бұзылған жан­­дарға арнайы бейімделген», – деді ол. Жыл басынан бері Батыс Қа­зақстан облысы әлеуметтік қызмет көрсету порталына толықтай кө­ші­ріл­ген болатын. Қала аумағын­да ерекше қажеттіліктері бар аза­маттарды жұмысқа орналас­тыру бойынша Ten Qogam орталығы және зейнеткерлерге арналған «Белсенді ұзақ өмір» орталықтары қызметтерін жалғастырып келеді. «Жанұя» орталығының ашылға­нына көп уақыт өтпесе де, бүгінге дейін 691 адам келіп жолыққан екен. Оның ішінде 108 адамға пси­хологтердің, 432 адамға әлеуметтік сұрақтар бойынша, 151 адамға заңгерлік көмек көрсетілген. Басқосу кезінде мүгедек жан­дардың күнделікті тұрмыстық қажеттіліктеріне байланысты сұрақтар талқыланып, басқарма басшылығына жолданды. Кеңес мүшелері тарапынан онлайн фор­матта ұйымдастырылған отырысқа қатысушылардың кейінгі жина­лыс­тарға толық қатысуы талап етіліп, сайлауалды бағдарламада нақты көрсетілген мәселелердің шешілуін қадағалау бойынша бірқатар ұсыныс енгізілді.  

М.ТӨЛЕУ