«Алатау Жарыққа» айыппұл салынды
«Алатау Жарыққа» айыппұл салынды
263
оқылды

«Алатау Жары Компаниясы» АҚ-на 4,6 млн теңге айыппұл салынды. Табиғи монополияларды реттеу комитетіне қарасты Алматы қаласы бойынша департаментінің мәліметінше, Gorsvetgroup ЖШС-ның өтініші бойынша «Алатау Жары Компаниясы» АҚ-на қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізілген.

Тексеріс нәтижесінде «Табиғи монополиялар туралы» заңның 26-бабы 2-тармағы 8-тармақшасы бұзылғаны анықталды. Атап айтқанда, «Алатау Жа рық Компаниясы» үлгілік шарттарға сәйкес реттеліп көрсетілетін қызметтердің әрбір түрі үшін тұтынушылармен жеке шарттар жасаспаған. Осыған байланысты ТМРБД-ның қаулысымен «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-на «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» кодекстің 164-бабы 4-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартып, 4 млн 667 мың 200 теңгеге айыппұл салды. Айта кетерлігі, департамент қаулысына қатысты Алматы қаласының әкімшілік құқықбұзушылықтар бойынша мамандандырылған ауданаралық сотына шағым түскен. Алайда департамент қаулысы күшінде қалды.

Ж. МҮСЛІМ