Еліміздің кәсіпқой футбол лигасы «Қазақстан кубогының әр ойыны спорт комментаторы болған Амангелді Сейітханды еске алумен басталады» деп шешім қабылдады.
18 тамыз күні болған «Ордабасы» – «Қызылжар» арасындағы матчтан бөлек, ширек финалдағы 4 ойында бір минут үнсіздіктен басталады. Қазақ футболының дамуына өз үлесін қосып, талай футболшылардың жалындап өнер көрсетуіне септігін тигізген спорт журналисі, комментатор Амангелді Сейітханның мезгілсіз қазасы қазақ футболына ауыр тигені рас. «Қызылжар» командасында ойнайтын ұлы Ерасыл Сейітханға да арнайы көңіл айтамыз» делінген Қазақстан футбол федерациясы таратқан хабарламада. Спорт журналисі Амангелді Сейітхан туған жері Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Мақаншы ауылына жерленді.М.ТӨЛЕУ