Биыл оқушылар сабақты мектепке барып оқиды. ҚР Білім және ғылым министрі оқушыларға мектеп формасын кию міндеттелмейтінін айтты. Сонда да баланы мектепке дайындау мәселесі пандемияға дейінгі жылдардағыдай қайта өзекті болып отыр. Aikyn.kz тілшісі астанадағы базарлардың біріне барып, мектепке қажет тауарлардың бағасын біліп, ата-аналармен тілдесіп қайтты.
Мектеп жәрмеңкесіндегі киімдердің көбі Бішкектен жеткізілген. Ондағы бағалар салыстырмалы түрде арзан.
Қыздар үшін
Мектеп формасы - 6000 теңге
Жейде - 3800 теңге
Белдемше - 3500 теңге
Бантик (жұп) - 1000 теңге
Ұлдар үшін
Шалбар - 3500 теңге
Жейде - 2500 теңге
Туфли – 6000 теңге
Спорт киімі – 12 000 теңге
Кроссовка – 6500 теңге
Сөмке - 4000-9000 теңгеОқу-құрал жабдығын түгел салса, бір балаға 30-40 мың теңге шығады.Ал тек қажет заттарды теріп алса, бір балаға - 28 000 теңге.
[caption id="attachment_157764" align="aligncenter" width="1200"] Фото: Радмир Фахрутдинов[/caption]
[caption id="attachment_157640" align="aligncenter" width="1200"] Фото: Радмир Фахрутдинов[/caption]
Түске дейінгі уақытта жәрмеңкеде ешкім болмады. Көп адам базардың ішіндегі дүкенде жүрді. Дүкендегі көп тауар Ресейде өндіріліген. Ол жерден мектепке қажет барлық затты табуға болатын еді. Ондағы киімнің орташа бағасы мынадай:
Қыздар үшін
Жеңі ұзын жейде - 7400 теңге
Жеңі қысқа жейде - 3700 теңге
Мектеп формасы - 6400 теңге
Белдемше - 2699 теңге
Туфли 3399 - 9699 теңге
Сөмке 19 - 20 мың теңге
Ұлдар үшін
Жейде - 4900 теңге
Костюм - 5499 теңге
Жакет - 5499 теңге
Шалбар 3999 - 7999 теңге
Костюм-шалбар - 8999 теңге
Туфли 3899 - 9699 теңге
Сумка 19 -20 мың теңге
Ата-аналардан мектепке бару үшін не сатып алып жатқанын, қанша ақша жұмсағанын сұрап көрдік.
"Бәрін бір жерден алғымыз келген. Бірақ мына дүкенде бірі арзан болса, бірі қымбат. Сосын алғасын, сапалысын алғымыз келеді. Балам биыл 2-сыныпқа барады. Жейдені 5 мың теңгеге, шалбарды 7 мың теңгеге сатып алдым. Бірақ рюкзак 25 мың теңге екен. Қымбат болғасын алған жоқпыз. Былтырдан қалған оқу-құралдары бар, қазір керек деген заттарды алғанда 20 мыңдай шықты. Сонда жалпы бір балаға шамамен 50 мыңдай жұмсадым", - дейді Гүлнұр Алпамысова.
[caption id="attachment_157755" align="aligncenter" width="1200"] Фото: Радмир Фахрутдинов[/caption]
Биыл 3 баласын сабаққа дайындап жүрген Айжан Қалмағамбетова бір баласына 70 мың теңге жұмсаған.
"Түгел киіндіріп жатқан жоқпын. Жай алғанда бір балаға 70 мың теңге жұмсадым. Бір аяқ-киімді 18 мыңға, красовканы 12 мыңға алдық. Ұзаққа жетуі үшін сапалысын алуға тырысамын. Сол үшін де бағасы қымбат шығып жатыр", - дейді ол.
Ал Қазақстанда тігілген мектеп формасын сататын дүкеннің алдында адам көп. Онда 1-сыныпқа баратын баланы киіндіруге 50 мың теңге шығады.
[caption id="attachment_157758" align="aligncenter" width="1200"] Фото: Радмир Фахрутдинов[/caption]
Қазақстанда тігілген кіимдердің бағасы мынадай:
Қыздар үшін
Жейде - 5500 теңге
Шалбар - 7000 теңге
Жакет - 13 000 теңге
Белдемше - 7000 теңге
Сарафан - 6000 теңгеден басталады
Ұлдар үшін
Жейде - 6000 теңге
Шалбар - 7000 теңге
Жакет- 4500 теңге
Пиджак - 13 000 теңге
Спорт киімі – 8000 теңгеден басталады
Ата-ана баласын классика стильде киіндіре алады. Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметшісі Мөлдір Абдуалиева мектеп формасына қатысты қатаң талаптар болмайтынын ескертті. Шалбар мен белдемше қара көк, қара жасыл, қара болуы керек – ата-ана мен мектеп оқушысының қалауына қарай.
"Елдегі санитар-эпидемиология және әлеуметтік-экономикалық жағдайды ескере отырып, келер оқу жылында классикалық стильдегі ыңғайлы киім киюіне болады. Классикалық стильдегі киімнің түсі мен пішімі, матасы ұстамды және қатаңдау болғаны жөн. Сондай-ақ, киімнің үстіңгі бөлігін ашық түсті, ал төменгі бөлігін қаралау етіп таңдаған дұрыс", – деді Мөлдір Абдуалиева.