Орталық коммуникациялар қызметінде шектеу шараларына қарамастан ел өңірлерінде той өткізіліп жатқаны туралы және мониторингтік топтардың жұмысы жайында сұрақ қойылды.
«Індеттің таралуы ұлғайғанына қарамай, тұрғындар тарапынан карантин режимін елемеу жалғасып келеді. Қазіргі кезде ауруды жұқтыру деңгейі артқан өңірлерде жергілікті атқарушы органдар қосымша шараларды қабылдауға мәжбүр. Осы орайда Шығыс Қазақстан облысында ірі мейрамханалар жанында полиция постары қойылып жатыр. Яғни, тойдан кейінгі оның салдарымен күрескенше, оған жол бермеудің қадамдары жасалып отыр. Осы тектес шаралар Алматыда атқарылып жатыр. Түнгі клубтар маңында да полиция бекеттері қойылады. Адамдардың көптеп жиналуына жол бермеуге мән беріліп жатыр», – Айжан Есмағамбетова.
Оның айтуынша, аталған мәселелерде әр адамда жоғары азаматтық ұстаным мен жауапкершілік болуы керек. Себебі тойда карантин іс-шараларын бұза отырып, олар вирустың таралуына себепкер қосып келеді.
«Қазіргі эпидемиологиялық ахуалды ескере отырып, карантин шешімдерін толықтай орындауға, тойларды өткізбеуге шақырамыз. Сонымен қатар, коронавирусқа қарсы вакцина алуға кеңес береміз», – деді комитет басшысы.