Мейрамхана мен клубтардың маңына полиция бекеттері қойылады
Мейрамхана мен клубтардың маңына полиция бекеттері қойылады
Фото: Sputnik.kz
219
оқылды
Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова коронавирустың таралуы мен эпидахуалдың өршуіне байланысты қазақстандықтарға үндеу жолдады.
"Өкінішке қарай, аурудың күн сайын өсіп жатқанына қарамастан карантин режимін бұзу күн сайын тіркеліп жатыр. Маусымдағы 1,8 пайыз құқықбұзушылық көрсеткіші, тамызда 3,5 пайызға дейін артты. Әрине, жергілікті атқарушы органдар қосымша шаралар қолданады. Мысалы, Шығыс Қазақстан облысында ірі мейрамханалар маңына полиция бекеттері қойылады. Осыған ұқсас іс-шаралар Алматыда да қабылданды. Түнгі клубтар маңына жергілікті атқарушы органдар іс-шара өткізуге жол бермеу үшін полиция бекеттерін қояды", - деді Есмағамбетова.
Санэпидбақылау комитетінің басшысы карантинді бұзған тұрғын вирустың таралуына өз үлесін қосатынын айтты.