Түркістандық тұрғындарды екі миллион теңгеге алдап кеткен алаяқ ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан қалалық Полиция басқармасына жергілікті бірнеше тұрғын алаяқтықтың құрбаны болғаны туралы шағым түсірген. Жәбірленушілердің айтуынша, оларды өздеріне жақын таныс емес ер адам алдап түсірген. Түркістан қаласынан көпқабатты үйлерден мемлекеттік жеңілдікпен көпбалалы, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға пәтер алып беремін деп сендірген. Осы істі жасап беру үшін жәбірленуші ер адамның бірінен 450 000, екінші ер адамнан 250 000, ал үшінші жәбірленуші әйелден 1 500 000 теңге көлемінде ақша алған. Күдікті ер адам тұрғылықты мекенжайы бойынша анықталған. Ол облыс орталығының жергілікті тұрғыны болып шықты. Белгілі болғандай, күдіктінің жалпы 5 жайтқа қатысы бары анықталды.