Енді Алматы қаласының полицейлері мотоциклмен жүреді. Бұл туралы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Бұған дейін жеке құрам мотокөлікті тізгіндеудің арнайы оқуынан өтті. Бұл мотоциклдер, тәртіп сақшыларының айтуынша, өздерінің мобильді болуына мүмкіндік береді, оқиға орнына келуді тездетеді және мегаполис жолдарындағы жағдайды жақсартуға көмектеседі», − дейді полиция. Осыған орай патрульдік полиция мен жергілікті полиция қызметінің мамандандырылған батальонына қарбалас уақытта жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кептелісті реттеу және жол-көлік оқиғасы болған жерге тез жету үшін 20 КТМ мотоциклі алынды.Н.ЕРЖАН