«Қайрат» топтық кезеңге жақын
«Қайрат» топтық кезеңге жақын
© 24.kz
248
оқылды

Конференция лигасының кезекті кезеңі аясында алматылық «Қайрат» футбол клубы Люксембургтің «Фоласын» ұтты. Сырт алаңда өткен матч 1:4 есебімен аяқталды. Алғашқы голды алаң иелері соққан болатын. Артынша «Қайрат» сапындағы Артур Шушеначев пен Рикарду Алвеш мергендігімен көзге түсіп, өз командасын алға шығарды. Ал Вангер Лав дубльдің авторы атанды. Осылай «Қайрат» клубы конференция лигасының топтық кезеңіне бір табан жақындады.

«Қайрат» биылғы еурокубок­та алғаш рет сырт алаңда жеңіске жетіп отыр. Бұған қоса, алғаш рет сырт алаңда 4 гол соқты. Қазақстандық клуб бірінші рет Люксембург командасынан ба­сым түскенін де атаған жөн. Енді қос клуб 26 тамызда Алматыда жолығады. Жеңіске жеткен тарап конференция лигасының топтық кезеңіне шығады. Ал қарағандылық «Шахтер­дің» футбол клубының жолы болмады. Олар «Астана Аренада» Тель-Авив қаласының «Мак­каби» клубын қабылдап, 1:2 есебімен есе жіберді. Екі команда 26 тамызда қайта ойнайды.

М.ХАҚНАЗАР