Елордада Жұмабек Тәшеновке ескерткіш қойылды
Елордада Жұмабек Тәшеновке ескерткіш қойылды
©Радмир Фахрутдинов
456
оқылды
Нұр-Сұлтан қаласында көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Жұмабек Тәшеневтің ескерткіші ашылды. Оған қала әкімінің орынбасары Асхат Оралов, қалалық мәслихаттың хатшысы Ерлан Каналимов, Мырзатай Жолдасбеков, Оралбай Әбдікәрімов бастаған зиялы қауым өкілдері, Жұмабек Тәшеневтің ұрпақтары қатысты. [caption id="attachment_157235" align="alignnone" width="1200"]Жұмабек Тәшенев ©Радмир Фахрутдинов[/caption]
"Жергілікті билік елемесе де Жұмабек Тәшеневті халық қолында ұстады. Бұл ескерткіш біздің тәуелсіздіктің символы ретінде тұрады. Ол кісі қайтыс болғанда туған жерге жерлемек болғандар болыпты. Бірақ тірісінде өзі: "Қазақтың қай жерінен топырақ бұйырса да бақыттымын" деп айтқан екен. Сондықтан ол қазақтың бақытты ұлы", – деді Оралбай Әбдікәрімов.
Жұмабек Тәшеневтің туғанына биыл – 106 жыл. Ол 1955 –19 61 жылдары Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесі төралқасының төрағасы, Қазақ КСР-і Министрлер Кеңесінің төрағасы қызметтерін атқарған. [caption id="attachment_157236" align="alignnone" width="1200"]Жұмабек Тәшенев ©Радмир Фахрутдинов[/caption] Елордада Жұмабек Тәшеневтің атында көше және мектеп бар. Ал 2015 жылы Жұмабек Тәшеневке ескерткіш Петропавл қаласында қойылған болатын.