Сәкен Сейфуллин, Әлихан Бөкейхан, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Жұмабек Тәшеновтың есімі мектепке берілді
Сәкен Сейфуллин, Әлихан Бөкейхан, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Жұмабек Тәшеновтың есімі мектепке берілді
Фото: Интернеттен алынды
624
оқылды
Нұр-Сұлтанда білім беру мекемесіне Алаш қайраткерлері мен ұлт зиялыларының есімдері берілді, – деп жазады «Елорда Инфо». Атап айтқанда: 1) №10 мектеп-гимназияға Жұмабек Тәшеновтің есімі; 2) №48 мектеп-лицейіне Ахмет Байтұрсынұлының есімі; 3) №52 мектеп-гимназиясына Бейімбет Майлиннің есімі; 4) №56 мектеп-лицейіне Шәкәрім Құдайбердіұлының есімі; 5) №57 орта мектепке Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің есімі; 6) №58 мектеп-гимназиясына Ілияс Жансүгіровтің есімі; 7) №68 мектеп-гимназиясына Міржақып Дулатұлының есімі; 8) №76 мектеп-лицейіне Әлихан Бөкейханның есімі; 9) №80 мектеп-гимназиясына Сәкен Сейфулиннің есімі; 10) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Оқушылар сарайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына әл-Фарабидің есімі берілді.