Мәдениеттің мәйегі маңызды
Мәдениеттің мәйегі маңызды
451
оқылды

Қарағанды облыстық мәдениет және архивтер объектілерінің мемлекеттік желісіне 673 мәдениет, өнер және архив объектісі, атап айтсақ 315 кітапхана, 274 клуб үлгі­сіндегі ұйым, 21 бейнемобиль, 5 театр, 20 музей, 20 архив, 2 концерттік ұйым, облыс­тық мәдени-сауық және халық шығармашылығы ғылыми-әдістемелік орталығы, тарихи-мәдени мұраны сақтау орталығы, 12 мәдениет және демалыс саябағы, кинотеатр, көрме залдары және хайуанаттар бағы кіреді. Ал облыстың орталық мәдени ордасы Кеншілер мәдениет сарайында жүріп жатқан жөндеу жұмыстары тамыз айының соңында аяқталып, тұрғындар үшін жаңартылған қалыпта өз есігін айқара ашпақ. Бұл туралы Қарағанды облыстық Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Еркебұлан Жұмакенов өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн баспасөз мәслихатында кеңінен мәлімдеді.

Жиында 2020 жылға арналған жоспарлар мен атқарған жұ­мыс­тар егжей-тегжейлі айтылды.
– Облыстағы 600-ден астам мәдениет және архивтер нысаны пандемияға қарамастан онлайн режимде жемісті жұмыс істеп ке­ле­ді. Қызметкерлер халықаралық және республикалық байқауларға қатысып жүр. Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырған «Рухани қазына – 2021» фестива­лінде Қарағанды облысы жеті жүл­­делі орынға ие болды, – деп атап өтті қарағандылықтардың же­­тістігін Еркебұлан Қайрол­лаұлы.
Оның айтуынша, қазір облыс аумағында 2 700 тарих және мә­дениет ескерткіші бар екен. 22-і республикалық мәртебеге ие. Олардың қатарында Жошы хан кесенесі, Бегазы қорымы, Қы­зылкент сарайы және тағы басқа киелі орындар бар. Биыл күзде Талды археологиялық паркі ашы­лып, Абай тұрған Қар­қа­ралыдағы үй реставрация­лан­бақ. Бұдан бөлек, Жезқазғанда­ғы СтепЛАГ ғимаратын қайта жөндеуге, тари­хи-мәдени мұ­ра­ны сақтау мақ­сатында 2021 жы­лы 13 археоло­гиялық зерттеу және 15 нысанға реставрация жұмыстары жос­парланып, облыстық бюджеттен қа­ра­жат бөлінген.
– 2020 жылы 96 мәдениет және мұрағат нысаны жөнделді. Биыл Бұқар жырау ауданы Бай­мырза ауылының клубына және Осакаров ауданы Молодежный кентінің мәдениет үйіне «Ауыл – ел бесігі» жобасымен күрделі жөн­деу жүргізіледі, – деп то­лық­тырды Еркебұлан Жұмакенов.
Сонымен қатар мәдениет және өнер қызметкерлеріне ай­тар­лық­тай көңіл бөлінеді. Биыл оларға 30 пәтер берілсе, 2022 жы­лы тағы 40 отбасын тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Алдағы уа­қытта тағы 150-200 пәтер бөлінбек.

Ал облыстық архив қызметі – еліміздегі Ұлттық архив қоры құжаттарының құра­мы бойынша ең ірілерінің бірі. Облыстың 20 мемлекеттік архи­вінде сақталған құжаттардың жал­пы көлемі 2021 жылғы 1 қаң­тардағы мәліметке сәйкес, 2 млн 867 мың сақтау бірлігін немесе 6 мың 914 қорды құрайды екен.

Бұдан басқа, брифинг бары­сында мәдени іс-шаралар жайы да тілге тиек етілді. Олардың да ба­­сым бөлігі эпидемиологиялық жағ­дайға байланысты онлайн өтеді. Ал алдағы уақытта Жанат Хад­жиев атындағы халықаралық театр фестивалі, Тәттімбет атын­дағы республикалық байқау және «Тәуелсіздік: Сөз бен Сурет» атты ақындар мен суретшілердің рес­публикалық онлайн байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі жоспарланып отыр. Ал облыстық архив қызметі – еліміздегі Ұлттық архив қоры құжаттарының құра­мы бойынша ең ірілерінің бірі. Облыстың 20 мемлекеттік архи­вінде сақталған құжаттардың жал­пы көлемі 2021 жылғы 1 қаң­тардағы мәліметке сәйкес, 2 млн 867 мың сақтау бірлігін немесе 6 мың 914 қорды құрайды екен. «Цифрлы Қазақстан» мемле­кеттік бағдарламасын іске асыру шегінде аймақтағы мемлекеттік архивтерде «Бірыңғай электронды құжаттар архиві» ақпараттық жү­йесінде жұмыстар жүйелі жүр­гі­зілуде. Осы уақытқа дейін 6124 сақтау бірлігі, 120 404 құжат, 930 107 парақ цифрланды­ры­лып­ты. Жалпы, аймақта мәдениетке баса мән беріледі.

Әдебиет БЕЛГІБАЙҰЛЫ, Қарағанды облысы