Мәдениет мәселелерін талқылады
Мәдениет мәселелерін талқылады
190
оқылды

Партияның қалалық филиалы жанындағы Miras кеңесінің ке­зекті отырысында Алматы қаласындағы мәдениет ошақ­тарының жай-күйі мен партияның сайлауалды бағдар­лама­сын іске асырудың Жол картасында айқындалған мемле­кет­тік тілді дамыту бағытында атқарылып жатқан іс-шара­лары қарастырылды.

Күн тәртібіне сәйкес баян­да­ма жасаған қалалық Мәдениет бас­­қармасының басшысы Ғ.Май­­­­лыбаев өз сөзінде бүгінде бас­­­қарма тарапынан атқарылып жат­қан бірқатар жұмыспен та­ныс­тырды. Мәселен, кітапхана жүйесін жаңғырту мақсатында Ал­малы мен Медеу ауданындағы MEDEU CREATIVE HUB 2021 ин­новациялық мәдени орта­лық­та­рының жұмыстарымен таны­с­тыр­ды. Осы бағыттағы жұмыс­тар­ды жүргізу аясында 1 600 ба­лалар мен жасөспірімдер тегін шы­ғармашылық үйірмелеріне қа­тыса алады. Былтырғы  жылмен  салыстыра келе, кітапханалардың оқыр­ман­дар саны 116 306 адамнан 156 895-ке өскенін байқауға болады. Үйір­мелер мен клубтардың саны да ұл­ғайғаны туралы атап өтті. Сон­дай-ақ тарихи-мәдени мұра­ны сақтау және дамыту мақса­тын­­да 4 мемориалды тақта орна­ты­лып, Ы.Алтынсарин, Р.Бағ­ла­нованың және денсаулық сақтау саласы қызметкерлеріне арнал­ған ескерткіштерінің үздік эскиз­деріне ашық конкурс жария­лан­ды. Жиын барысында кеңес мү­шелері күн тәртібіндегі мәсе­ле­лерді қызу талқылап, ой-пі­кір­лерін ортаға салды. Келесі ке­зекте «Nur Otan» партиясы сай­лауалды бағдарламасын іске асырудың республикалық Жол кар­тасында айқындалған мем­лекеттік тілді дамыту бағытында атқарылып жатқан іс-шаралар туралы қала әкімдігінің Тілдерді да­мыту және латын графикасына көшу орталығының өкілі Б.Қа­лым­беттің сөзінше, қалада тіл сая­сатының құқықтық-норма­тив­тік негіздері жасалған. Жетіл­діруді қажет ететін шығар, бірақ заңнама бар. Одан бөлек, бірнеше рет мемлекеттік бағдарлама қа­был­данды. Жыл сайын республи­ка­лық және жергілікті бюджеттен қомақты қаржы бөлініп, тілдерді дамыту бағытында жұмыс жүр­гізі­леді. Қазақ тілінде іс жүргізу, оны қолдану үшін оқыту бағыты бар. Тілді үйрену үшін оған деген құр­мет болуы керек. Мемлекеттік орган заңнаманың сақталуын ба­қылайды.

Әбілмансұр ЖАСАН