Түркіменстанда беделді мектепке балаларын оқыту үшін 10 мың доллар пара береді
Түркіменстанда беделді мектепке балаларын оқыту үшін 10 мың доллар пара береді
One hundred dollar banknotes pattern background
203
оқылды
Түркіменстанда бастауыш және орта мектептерге оқушыларды қабылдау жүріп жатыр. Азатлык тілшісінің хабарлауынша, беделді деген мектептерге балаларын оқыту үшін ата-аналар пара беріп жатыр.
Түркіменабад қаласында арнайы пәндерді, оның ішінде шет тілін тереңдетіп оқытатын мектептер бар. Жағдайы бар ата-аналар балаларын осындай мектепте оқытқысы келеді. Бірақ оған оқыту үшін мектеп басшыларына кемінде 7 мың доллардан 10 мың долларға дейін пара беруі керек екен. Осылай деп тілшіге дереккөз хабарлаған. Түркіменстан заңына сәйкес, оқушылар жергілікті тіркелген ауданындағы мектепке баруы тиіс.