Алматыда троллейбус жерасты өткеліне соғылды, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оқиғаға қатысты Almaty Electrotrans компаниясы түсініктеме берді.«Көлік апаты 21 тамызда сағат 14:50 шамасында болған. Троллейбус жүргізушісі рульді дұрыс басқара алмай, жерасты өткелінің қабырғасына барып соғылған. Бұл факт тіркеліп, тергеліп жатыр», – деді компания.Желі қолданушысы көлік оқиғасынан зардап шеккен адамдар бар екені туралы жазды.