Қазақстандық каскадерлер Голливудтық фильмге түсті
Қазақстандық каскадерлер Голливудтық фильмге түсті
Фото: tengrinews.kz
159
оқылды
Қазақстандық Nomad Stunts тобының каскадерлері Голливуд актері Сэмюэл Л.Джексонмен бірге фильмге түсті. "Киллер кодексі" фильмінің көрсетілімі бүкіл әлемде өтеді. Онда Сэмюэл Л. Джексон, Мэгги Кью және Майкл Китон ойнайды. Сонымен қатар, фильмге қазақстандық Nomad Stunts тобының 10 каскадері қатысқан.
Фильм режиссері – "Казино Рояль", "Маска Зорро", "Иностранец" фильмдеріндегі жұмысымен танымал Мартин Кэмпбелл.
"Түсірілімге қатысу туралы ұсыныс 2019 жылдың соңында түсті. Біз каскадерлерді таңдадық – фильм үйлестірушісі мен режиссер сұранысына сәйкес келетін сегіз жігіт пен екі қыз. 2020 жылғы ақпанда Румынияда болған түсірілімге біздің каскадерлер ұшып барды. Жалпы олар онда шамамен екі ай болды. Бір ай дайындыққа, монтажға, жаттығуларға, екіншісі - түсірілімге жұмсалды", – деді Nomad Stunts халықаралық каскадерлер тобының негізін қалаушы және жетекшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жайдарбек Күнғожинов.