Павлодарда суға батып кеткен баланың денесі 4 күннен кейін табылды
Павлодарда суға батып кеткен баланың денесі 4 күннен кейін табылды
Фото: jambylinfo.kz
201
оқылды
Павлодарда суға батып кеткен баланың денесі төрт күннен кейін табылды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz. Іздеушілер жасағының жетекшісі Екатерина Кудрявцеваның айтуынша, 12 жасар ұлдың денесі  көпір астынан табылған.
- Бүгін баланың денесін іздегенімізге төртінші күн, - деді ерікті. - Көмектесуге келген адамдармен бірге автокөлік көпірінің астына қайықпен өтіп, таптық. Денесін жағаға шығарып, құтқарушыларды шақырдық.
19 тамыз күні орталық жағалауда достарымен бірге шомылып жүрген 12 жасар бала суға батып кеткен. «VITA» іздеушілер жасағының мәлімдеуінше, достары қорыққаннан үлкендерге болған жәйт туралы бірден айтпаған.