Кабул әуежайы 48 сағатқа жабылды
Кабул әуежайы 48 сағатқа жабылды
©tengrinews
151
оқылды

"Талибан" радикалды қозғалысы арнайы күштер батальонын Кабул әуежайының қоршауына жиналған халықты тарату үшін жіберді. Мыңдаған ауған елден ұшып кетуге тырысып жатыр. "Талибан" бұйрығымен барлық азаматтық рейс тоқтатылды, әуежай екі күнге жабылады.

АҚШ қорғаныс министрі Ллойд Остин Пентагон президент Джо Байденге 31 тамызға дейін белгіленген эвакуация мерзімін ұзарту жөнінде ұсынымдар беретінін айтты.
"Біз жағдайды бағалап отырмыз және мүмкіндігінше көп адамды аэродромға көшіру үшін бар күшімізді саламыз. Межелі күнге жақындап қалғандықтан президентке ұсыныстар дайындаймыз. Біз АҚШ азаматтарымен байланысу үшін және олардың аэродромға жетуіне көмектесу үшін әртүрлі әдісті қолданамыз", - деді ол.
АҚШ президенті Джо Байденнің әкімшілігі Ауғанстаннан адамдарды эвакуациялау үшін америкалық әуе тасымалдаушыларға тиесілі азаматтық ұшақтарды қолдануды ұйғарған. Ал билікті басып алған тәліптер жақын арада жаңа үкіметті жариялауға уәде берді.