Сейфуллин Жолбарыс жұбайының туған күніне тосынсый жасады (фото)
Сейфуллин Жолбарыс жұбайының туған күніне тосынсый жасады (фото)
©nur.kz
605
оқылды

Сейфуллин Жолбарыс жұбайы Екатеринаның туған күнінде тосынсый жасады. Ол сүйіктісін қонақүйге шақырып, бөлмесін гүл шоқтарымен әсемдеп қойған.

"Экспресс К" басылымының жазуынша, композитор өмірлік жарының туған күнін айрықша атап өткен. Бастапқыда ол сүйіктісін мейрамханаға апарып, артынша бес жұлдызды қонақүйге апарған. Әнші гүл шоқтарына тапсырыс беріп, олармен қонақүй бөлмесін әсемдеп қойған. Жарының мұндай ілтипатына қатты қуанған Екатерина  Instagram желісіндегі парақшасына қонақүйден сурет жолдап, Сейфуллин Жолбарысқа алғысын жаудырды.

"Гүл мен жылы лебіздеріңіз үшін рақмет! Мұндай ілтипатқа лайық деп санағандарыңыз үшін рақмет", - деп жазды ол.