«Қолдан» алған вакцинация құжаты: жазасы қандай?
«Қолдан» алған вакцинация құжаты: жазасы қандай?
Вакцинация құжаты © mail.kz
349
оқылды
Мәселен, АҚШ-та коронавирусқа қарсы екпе егу туралы құжатты интернет арқылы сатқан фармацевт ұсталды. Тангтанг Чжао есімді Чикаго тұрғынына «вакцинация картасының 125 данасын 10 доллардан сатқан» деген айып тағылып отыр. eBay арқылы өткізіп, олжаға кенелмек болған күдікті енді 120 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Себебі жергілікті әділет министрлігі қылмыскерге 12 түрлі айып тағып, әр айып үшін 10 жыл сұрап отыр. Негізі АҚШ-та жалған құжат дайындағандар 5 жылға дейін сотталуы мүмкін. Алайда мұнда заңбұзушылық әрекетке қарапайым тұрғын емес, медицина қызметкері барып отыр. Содан болар, мәселе майшамменен қаралып жатыр.  [caption id="attachment_157447" align="alignnone" width="1000"] width= © REUTERS / DADO RUVIC[/caption] Ресейде де құқық қорғау органдары жалған вакцинация құжаты саудасымен күресіп әлек. Мұнда жалған вакцинация сертификатын «қолдан» алғандар 1 жылға дейін, ал оны дайындағандар 2 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.  Ал біздің елде заңбұзушылық әрекет Қылмыстық кодекстің 385-бабы бойынша қаралады. Жалған құжаттарды дайындау мен қолдануға қатысты жауапкершілік әртүрлі келеді. Мәселен, жалған вакцинация паспортын дайындаған адам немесе қылмыстық топтың мүшелері 4 жылға дейін түрмеге қамалуы мүмкін. Ал әлгі құжатты сатып алған соң, оны қолданып үлгерген адам 40 тәулікке дейін темір торға тоғытылады.  [caption id="attachment_157448" align="alignnone" width="1024"] width= Саида Таукелева © zona.kz[/caption] Қоғамдық бақылаудың Алматыдағы үйлестірушісі Саида Тәукелеваның айтуынша, Қазақстанда мониторинг күшейгелі бері коронавирусқа қарсы екпе алу туралы жалған құжаттың бағасы өсіпті. «Қолдан» алған құжаттың бағасы бүгінде 50 мың теңгеге дейін барады екен. Мәселен, бірінші компонентті алу туралы куәлік 20 мың теңге болса, екінші компонентті алу туралы куәлік 30 мың теңгені құрайды», - дейді Саида Тәукелева.  Ал құқық қорғау қызметкерлерінің айтуынша, мұндай әрекетке барған адам заңды бұзып, ақшасын босқа шашумен қоса, ең алдымен, өз-өзіне қастандық жасайды. Себебі жалған құжат вирустан қорғамайды. Сонан соң ол заңды бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Сонымен қатар жеке мәліметтерін алаяқтарға оп-оңай бере салады.