«Ashyq» қатысушыларына демалыс күндері жұмыс істеуге мүмкіндік беру қарастырылып жатыр
«Ashyq» қатысушыларына демалыс күндері жұмыс істеуге мүмкіндік беру қарастырылып жатыр
185
оқылды
Премьер-Министр Асқар Мамин Денсаулық сақтау министрлігіне «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп «Ashyq» жобасына қатысушыларға демалыс күндері жұмыс істеуге мүмкіндік беру мәселесін пысықтауды тапсырды. Бұл туралы бүгін Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі жобалық кеңсе отырысында мәлім болды, деп хабарлайды primeminister.kz. Отырыс барысында «Ashyq» жобасын одан әрі дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды. «Қазіргі уақытта оған қатысушылардың саны 111 мыңнан асады. Олардың жартысынан көбі сауда, тамақтану және білім беру салаларында қызмет көрсетеді. Карантин талаптарын бұзушыларды анықтау жобаға қатысушылардың санын арттыру есебінен 15 есе өсті. Бизнес субъектілерін қамтуды одан әрі ұлғайту мақсатында «Ashyq»-қа қатысуға өтінім беру және QR-код алу тәртібі жеңілдетілді», - делінген хабарламада.