Аймақтың дамуымен танысты
Аймақтың дамуымен танысты
297
оқылды

Қасым-Жомарт Тоқаев Алма­ты облысына іссапармен барды. Бұл туралы Ақор­да­ның баспасөз қызметі хабарлады.

Әуелі «Маревен Фуд Тянь-Шань» кәсіпорнына барды. Мем­ле­кет басшысына кәсіпорынның мүмкіндіктері туралы мәлімет берілді. Компания басшылығының мәліметіне сәйкес 4,5 гектар аумақты алып жатқан кәсіпорынға 30 миллиард теңге инвес­тиция салынған. Компания Жапония, Швейцария және Германиядан әкелінген инновациялық құрыл­ғы­­лармен тез дайындалатын азық-түлік өнімдерін  шы­ғара­ды. Жылы­на 85 мың тонна өнім шығаруға мүм­кіндігі бар. Қазір кәсіпорын 500 миллион қаптама шы­ғарса, соның 70 пайызы экспортталады. аймақ «Маревен Фуд Тянь-Шань» ЖШС 670 адамды жұмыспен қамтып отыр. Оның 95 пайызы жақын маңдағы елді мекендердің тұрғындары. Бұдан кейін Қасым-Жомарт Тоқаевқа облыс әкімі Амандық Баталов өңірдегі жүзеге асырылып жатқан инвес­тиция­лық жобалар мен облыстың әлеуметтік-эко­номикалық дамуы туралы есеп берді. Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысына сапары барысында Іле ауданындағы «Лукойл Лубрикантс Орталық Азия» жауапкершілігі шек­теулі серіктес­тігінің жағармай шығаратын зауытында болды. Мем­ле­кет басшысына жұмыс барысы мен шығарыла­тын өнімдер көрсетілді. Зауытты аралап көрген Пре­зидент компанияның жұмыс­тарына оң баға беріп, табысты дами берулеріне тілектестік білдірді. бетперде Сондай-ақ Мемлекет басшысы Dolce кәсіпорнына барды.Ком­пания басшылығы Dolce кәсіп­орны­ның ел нарығында 1998 жыл­дан бері жұмыс істеп келе жатқа­нын айтты. 372 адам еңбек етіп жатқан кәсіп­орын 160-тан астам өнім шығарады. Олардың ара­сында қазір аса қажет меди­цина­лық қолғаптар, үш және төрт қа­батты бетперделер, халаттар, дәрі-дәрмектер бар.  Алматы об­лысында коронавирусқа қарсы іс-шаралар аясында қысқа мер­зімде 200 төсек­тік жұқпалы аурулар ауруханасы салынып, 180 жедел жәрдем көлігі және 12 жылжымалы медициналық кешен сатып алын­ған. Облыстың 17 ауруханасы оттегі стансаларымен қамтамасыз етіл­іп, төсек-орын­дардың 45 пайы­зы оксигено­терапиямен қам­тылған. 17 ком­пьютерлік томо­граф, 53 рентген, 75 Хай Флу, 606 жел­дету аппараты жұмыс істеп тұр. Қасым-Жомарт Тоқаев облыс басшылығына өңір­дегі эпи­демиологиялық жағдайды үнемі бақылауда ұстауды, вакцина салу жұмысын жеделдетуді тап­сырды.