Түркия Ауғанстаннан бір де бір босқын қабылдамайды
Түркия Ауғанстаннан бір де бір босқын қабылдамайды
©tengrinews
211
оқылды

Түркия Ауғанстаннан бірде-бір босқын қабылдамайтынын айтты. Бұл туралы Әділет және даму партиясының баспасөз хатшысы Омер Челик мәлімдеді.

"Түркия - босқындар лагері емес. Бізде тіпті бір босқынды (Ауғанстаннан) қабылдауға мүмкіндік жоқ. Біз өзіміз шешім қабылдаймыз. Біз шекарамызды өте мұқият қорғаймыз", - деді Челик журналистерге.

Оның айтуынша, Түркия президенті Таип Ердоған Ауғанстандағы дағдарыстың жан-жақты шешімін табуды жақтайды.
"Ол қарқынды халықаралық дипломатияны жүргізеді. Ауғанстандағы жағдайды Путинмен, Меркельмен талқылады. Біз "Талибанның" басқаруына өткен Ауғанстандағы адам құқықтары тақырыбын мұқият қадағалаймыз. Ауған халқын жалғыз қалдыруға болмайды, қазір нағыз драма болып жатыр", – деді Челик.