Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау мерзімі 28 тамызға дейін ұзартылды
Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау мерзімі 28 тамызға дейін ұзартылды
©adukar.com
401
оқылды

Жоғары оқу орындарына құжаттарды қабылдау мерзімі 28 тамызға дейін ұзартылды. Мұндай шешімді ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті қабылдады.

«Талапкерлеріміз үшін бұл жақсы жаңалық деп санаймын. Бұл ретте құжат қабылдау мерзімдерін ұзарту бойынша келіп түскен өтініштер саны ескерілді. Білім беру гранты иегерлеріне де, ақылы негізде оқуды жоспарлап отырғандарға да мүмкіндік берілді», – деп атап өтті Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.
Бұған дейін ЖОО-ға қабылдау үшін құжаттарды 25 тамызға дейін тапсыру қажет болатын.