Шымкентте ер адам көпірден секірмек болды, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Осы жылдың 23 тамызында Шымкент қаласы Полиция департаменті ЖПҚБ Патрульдік полиция полкінің инспекторлары Е. Ерубаев және Е. Жанысбаев қызмет атқару барысында ер адамның көпір жақтауына шығып, секіруге оқталғанын байқайды.
Полиция қызметкерлері жедел әрекет етіп, көпір жақтауында тұрған жігітті қауіпсіз жерге шығарып үлгерді.
Өмірімен қош айтыспақ болған азаматқа профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.