БҚО-да үшінші күн қатарынан дала өртеніп жатыр
БҚО-да  үшінші күн қатарынан дала өртеніп жатыр
180
оқылды
Батыс Қазақстан облысында өрт сөндірушілер Ақжайық ауданындағы Чапаев орман және жануарлар дүниесін қорғау мемлекеттік мекемесінің аумағында шыққан өртті үшінші күн қатарынан сөндіріп жатыр. Отқа оранған аумақ 50 гектардан асады. Құтқарушыларға көмекке тікұшақ келді.
"15 гектар орман отқа оранды. Өрт сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Өртті сөндіруге өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінен 100-ден аса адам, орман қызметкерлері мен еріктілер жұмылдырылды", - деді БҚО ТЖД өкілі.