Алтай қаласында зейнеткерді тонаған ер адамдар ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылдың тамыз айының басында Алтай қалалық ПБ “102” жедел арнасына 85 жастағы зейнеткердің екі белгісіз тұлға оның жейдесінің төсқалтасынан құжаттар мен 28 000 теңге сомасындағы ақша қаражаты салынған әмиянды ашық ұрлап кеткені туралы өтініші келіп түскен.
Криминалдық полиция қызметкерлері патрульдік полиция взводымен бірлесіп, жедел түрде Алтай қаласының 26 және 32 жастағы тұрғындарын анықтап, полиция басқармасына жеткізді.
Қаскүнемдер жасаған қылмысты мойындап, ұрланған мүлікті ішінара қайтарды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.